Қазақстан мен Қытай лаңкестікпен және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді жоспарлап отыр

Екі жақты келіссөздер мен келісімдер негізінде мемлекеттер "лаңкестіктің барлық түрімен, соның ішінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан лаңкестік ұйым деп танылған ұйымдармен, атап айтсақ, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тікелей қауіп төндіретін "Шығыс Түркістан Ислам қозғалысымен де" тиімді күресті одан әрі жалғастырады",- делінген бірлескен мәлімдемеде.

Сондай-ақ, екі ел бұған дейін қол қойылған келісімдер мен келіссөздерге сәйкес "қорғаныс мекемелері арасындағы байланыстарды, өзара барыс-келісті одан әрі жалғастырып, әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыта түседі".