Қазақстан мен Қытай минералдық тыңайтқыштар өндіретін бірлескен кәсіпорын құрмақшы

Хаттамаға тиісті кәсіпорындардың басшылары қол қойды.

Отырыстан кейін "Қазфосфат" ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Ескендіровтың журналистерге хабарлауынша, минералдық тыңайтқыштар өндіретін бірлескен кәсіпорын құру Қазақстан жағы үшін өте тиімді болмақ. Жобаға еліміз 51 проценттік үлеспен қатысады. Оның айтуынша, мұндай кәсіпорын құру нәтижесінде қосымша жұмыс орындары пайда болмақ.
Өз кезегінде "Нункен" агрохимиялық компаниясы Лью Го Лидің айтуынша, "Қазақстанда өндірілетін фосфаттың жоғары сапалылығы мен тасымалдау тиімділігі және өзара тиімді тасымал бағалары жобаны табысты жүзеге асыруға алғышарт болып табылады".