Қазақстан мен Қытай өкілдері екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас мәселесін талқылады

Мекеме ақпараты бойынша, Ж.Кәрібжанов Шыңжан -Ұйғыр автономиялық аймағына сапары барысында сондай-ақ, Боратала-Монғол Автономиялық облысы халықтық үкіметінің төрағасы Чжаоцзипу мырзамен Алашанькоу бекетінде жүздесті. Тараптар Достық-Алашанькоу шекаралық авто- және темір жол өткелегінің келешегі туралы пікір алмасты.

Бұған қоса Ж.Кәрібжанов шекаралық Алашанькоу темір жол бекеті мен Шыңжан -Ұйғыр автономиялық аймағының әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында болды.
Бекетке сапары барысында елші екі жақты жүк тасымалында айрықша маңызды орын иемденетін осынау шекаралық айлақтың сан алуан қызметтерінің жұмыс барысымен танысты.