Қазақстан мен Қытай Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы аясындағы ықпалдастыққа айрықша маңыз береді

Кездесу барысында қазақстан-қытай қатынастары бойынша өзара пікір алмасылды. Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына жоғары баға бере отырып, оны тереңдете түсуге пейіл білдірді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы аясындағы ықпалдастыққа айрықша маңыз берілді. Осыған байланысты Қытай жағы жуырда Алматыда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлері кездесуінің қорытындысын атап өтті.

Өзара ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті хатшылығының отырысы аясында тараптар оның ішкі комитеттерінің мәжілістерін өткізу мерзімдері бойынша пікір алмасты.
Ішкі комитеттің мәжілісінде екі елдің сарапшылары екі елдің құқық қорғау мекемелері арасында лаңкестік, сепаратизм және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.