Қазақстан мен Қытай шекарасында контрабандалық валюта - 60 мың доллар тәркіленді


 Түрлі номиналдағы контрабандалық валюта ҚХР-дан ҚР келе жатқан Қазақстанның «М» азаматынан табылды.  

Аталған факті бойынша бастапқы материалдар жиналып, ақшаны тексеру сараптамасы белгіленді. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралады.

Кеден департаментінде атап өткендей, өткен жылы тауарларды, көлік құралдарын, өткізуге тыйым салынған заттарды шекарадан контрабандалық жолмен өткізу бойынша  19 қылмыстық іс қозғалған. Осылайша мемлекетке келтірілген шығын 23,8 млн. теңгеге жеткен.  2,6  млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында мемлекет қазынасына 802 мың теңге түсті.