Ли Шихун туристік саладағы екі елдің практикалық ынтымақтастығын жандандыру мәселелерін талқылады.
А.Мусинов пен Ли Шихун екі жақты туризмді жылжыту бойынша осы салада екіжақты жұмыс тобын құру, қытайлық туристердің топтық сапарларын ресімдеу («ADS-келісімі - Approved Destination Status - ұсынылған бағыт мәртебесі»), екі елдің туроператорлары арасындағы байланыстарды реттеуге жәрдемдесу, қытайлық туристер үшін ҚР-дағы туристік маршруттарды дамыту, қытайлық гидтерді дайындау, қонақүйлерге қытай тілді телеарналар қосу, ҚХР азаматтары туристік қызметті Қытайдың банк карточкаларымен төлеу мүмкіндігі және т.б сияқты практикалық шараларды қарады.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Мусинов Қытайдың басқа елдермен қатынастары тарихта алғаш рет Қытайдан Қазақстанға өндірістік қуаттарды ауыстыру бағдарламасымен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Екі елдің басшылығы мен үкіметтерінің қарқынды жұмысының нәтижесінде жалпы сомасы 50 млрд. астам долларға екіжақты шарттарға қол қойылды.
Тараптар Қазақстан мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы шекаралас ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қозғады. Қытайлық делегация құрамындағы келіссөзге ШҰАА ҚПК тұрақты комитетінің мүшесі Ғанибет Сабкейұлы қатысты.