Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тау-кен металлургиясы, химия және мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, сонымен бірге жеңіл өнеркәсіп, туризм, көліктік инфрақұрылым және электр энергетикасы салаларындағы жобаларды жүзеге асырудағы әлдеқайда тиімділерін анықтады.
Бірлескен хаттамаға қол қойылды, байланысты жандандыруға байланысты келісімге және бірлескен жобаларды толық зерделеу жұмыстарын жалғастыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Келесі келіссөздерді таяуда - 2015 жылы қаңтар айының алғашқы онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстандық делегацияның құрамына шамамен 40 адам енді, оның ішінде Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Даму банкінің, «KEGOC», «Бірлескен химиялық компания», «KaznexInvest», «Тау-Кен Самұрық», «Қазақстан Инжиниринг», «Самұрық-Энерджи», «Бәйтерек» ұлттық холдингі, «ҚазАвтоЖол», «ҚазАзот», «Қазақмыс» және басқа да компаниялардың өкілдері бар.