Қазақстан мен Қытайдың кедендік мекемелері баға туралы ақпараттармен бөлісе бастады

Бұл шара екі ел арасындағы сауда-саттықты ретке келтіру мақсатымен жүзеге асырылуда.

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар әдетте елге енгізілетін тауардың шынайы бағасын жасырып, азайтып көрсетеді, соған сәйкес, кедендік баж салығының құны да төмендейді деген сөз. Соның салдарынан мемлекеттік бюджет қыруар қаржыдан қағылып отыр. Тауар бағасы туралы ақпарат алмаса бастау нәтижесінде бұдан былай өзара сауда-саттық тәртібі реттеліп, республикалық бюджетке түсетін түсімдер мөлшері арта түспек.