"Қазақстанның Қытаймен тату көршілік, достық қатынасын одан әрі нығайта дамытуға мүдделілік танытып отырғандығын атап көрсеткім келеді",- деді Н. Назарбаев Ху Цзиньтаомен бүгін Астанада кеңейтілген құрамда өткен кездесуінде.
"Біздің елдердің арасындағы жоғарғы деңгейдегі тұрақты кездесулер екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық пен стратегиялық қатынастардың нақты көрінісін паш етеді",- деп атап көрсетті Қазақстан жетекшісі.
"Біз Қытайдың дамуын мұқият қадағалап отырамыз және де оның экономикалық өсуіне, Қытайдың әлемдегі беделін нығайта түсуіне таң қаламыз",- деді президент. "Біз Қытайдың үйлесімді қоғам құру мен дамудың ғылыми тұжырымдамасына қатысты жасаған әрбір қадамын бағалаймыз",- деп қосты ол.
Қытай Халық Республикасының өкілі өз кезегінде Қытаймен достықты дамытуға бағытталған Қазақстан президентінің күш-жігерін атап өтті. "Сіз екі ел арасындағы қатынасты дамытуға үлкен үлес қостыңыз. Бұған біз жоғары баға береміз",- деді Ху Цзиньтао Нұрсұлтан Назарбаевқа қаратып айтқан сөзінде.
"Қазақстанда саяси тұрақтылық, экономиканың тұрақты өсуі, халықтың ахуалының жақсаруы мен елдің халықаралық беделінің үздіксіз өсіп келе жатқандығы қуантарлық",- деп атап көрсетті Қытай басшысы.