Бұл туралы «Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков айтты.
Айта кетейік, дөңгелек үстелді Қытайдағы ҚР елшілігі Қытайдың шетелдегі достық халықтық қоғамының және Қытай мен Орталық Азияның достық қоғамының ықпалдасуымен ұйымдастырды. Оған дипломатиялық корпус, ғылыми орта, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.
Оның айтуынша, Қазақстанның басымдығы және аймақтық жағдайдың дамуы елде соңғы 25 жыл ішінде жүргізілген реформалар мен жұмыстардың арқасында мүмкін болды, тарихта алғаш рет аймақтың экономикалық және қаржылық орталығы Орта Азиядан Қазақстанға көшті.
«Бұл шынымен де солай, себебі ЖІӨ көлемі жағынан бүгінгі таңда біз бүкіл Орталық Азия елдерін қосқанда бәрінен асып түсіп отырмыз. Бұл тәуекелге баруға әзірлік, сөйте тұра тұрақтылықты сақтау нәтижесі. Біздің 2013 жылға дейін «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» біріккен жобамыз болды. Сондай-ақ Қазақстан дағдарыс жағдайларында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында контрциклдік саясатты, нақ инфрақұрылымдық жобаларды қосымша қаржыландыруды қарастырып отыр», - деп атап өтті С.Әкімбеков.
«Қазақстан мен Қытайдың қуаттылығы олардың үнемі стратегиялық жоспарлауға мән беретіндігі болып отыр», - деді ол сондай-ақ.
Мысал ретінде С.Әкімбеков «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Қытай-2025» және т.б. бағдарламаларды атап өтті.