"Біз екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында алғаш рет 2008-2010 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы біршама кең көлемді меморандумға қол қойдық. Ол мекемеаралық ынтымақтастықтың, мекемеаралық үйлестірудің ең сан алуан түрлі мәселелерін жүйелеуге мүмкіндік береді", - деді келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР СІМ М. Тәжин.
Оның айтуынша, бүгін тараптар "екі жақты қарым-қатынастардың ең өзекті мәселелері мен екі мемлекеттердің стратегиялық серіктестігі аясындағы перспективалар төңірегінде пікір алмасты".
Өз кезегінде ҚХР СІМ "келіссөздердің біршама позитивті, конструктивті әрі жемісті болғанын" атап өтті.