"Біздің елдеріміз үшін Батыс Еуропа мен батыс Қытайды Санкт-Петербург - Қазан - Орынбор - Ақтөбе - Алматы - ҚХР бағытында жалғастыратын транспорттық дәліз құруға қатысты тәжірибелік жұмыстардың маңызы аса зор", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.
"Қазақстан мен Ресейдің осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық меморандумына осы жолы қол қойылады", - дедң президент.
Ол сонымен бірге осы дәлізді құруға екі елдің шекаралық өңірлері де инфрақұрылымды дамыту: логистикалық орталықтар құру, жанға жайлы демалыс пункттерін құру арқылы өз үлестерін қоса алады, деді.