Қазақстан мен Ресей арасындағы экспорт көлемі артып келеді

Енді кәсіпорын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Омбы қаласында зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады  www.24.kz.

Отандық ортада өз орнын алған Петропавл құбыр зауытының Ресей нарығына шыққанына 2 жылдай болды. Осы уақыт аралығында кәсіпорын өз өнімімен Омбы, Түмен және Қорған облыстарын қамтамасыз етіп, енді шағын зауыт ашуды көздеп отыр. Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы екі елді жалғап тұрған Ертіс өзеніндей тоқтаған емес. Мәселен, бір ғана Омбы облысында бірлескен 200-дей кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Соның арқасында осы өңір мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы өткен жылы 400 млн АҚШ долларынан асқан. Ресей - Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі. Әсіресе шекаралас аймақтардың саудасы жүріп тұр.

Тараптар тек сауда-экономикалық тұрғыда ғана емес, достық қарым-қатынаста да жақсы. Омбы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы көше толық жөнделіп, бойына ұлы ғалымның ескерткіші орнатылған.