Д.Ахметовтың айтуынша, екі ел арасындағы шекара сызығының ұзындығы 7 мың шақырымды құрайды. Қазақстан мен Ресей шекаралық 8 учаскені делимитациялау мәселесін шешуі тиіс. "Бұл учаскелердің барлығы бойынша тараптардан әр мемлекеттің мүддесін ескеруге бағытталған ымырагерлік ұсыныстар келіп түскен",- деді ол.
Ал РФ үкімет басшысы М.Фрадковтың айтуынша, "бүгінгі кездесуде тараптар ақырғы шешім қабылдауда екі елдің мүддесін бірдей ескеру үшін шекара шегін белгілеуге қатысты әр жақтың ұсынысына баса назар аударуға тырысты".
Сондай-ақ, Қазақстан және Ресей үкімет басшылары жүзбе-жүз кездесу барысында екі ел арасындағы ғарыш саласындағы, көмірсутегі шикізатын өндіру және тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды. Ал кеңейтілген құрамдағы кездесуде тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, жылу-энергетика кешені, санаткерлік меншікті қорғау және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін сарапқа салды.
М.Фрадковтың айтуынша, "бүгінгі кездесуде талқыланған мәселелерді жыл соңына дейін жүзеге асыру үшін" желтоқсан айының басында Д.Ахметов Ресейге сапар жасайды деп күтілуде.