Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың даму жоспарына гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін енгізу қажет - сарапшы

"Бүгін талқыланып отырған ең маңызды мәселе жаңа Қазақстан - Ресей жол картасының жасалу мүмкіндігі. Себебі, "2007-2008 жылдардағы Қазақстан - Ресей" іс-әрекеттер жоспары бар. Алайда, ол жақында аяқталады. Бұл құжатта гуманитарлық ынтымақтастық, ғылым мен мәдениет салаларындағы ынтымақтастық тарауының болғаны дұрыс болған болар еді", - деді Б. Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстан Болон үлгісіне қарай дамып келеді. Сонымен бірге, ол батыстық үлгіге көшу процессі еш ауыртпалықсыз өтуі үшін дәстүрлер мен табыстарды сақтау қажеттігін атап көрсетті. "Ресей мен Қазақстанда ҰБТ емтиханы ауыр тиюде. Яғни, көптеген сұрақтар туындауда және ең бастысы - мектеп түлектері үшін аса ауыр психологиялық күйзеліс байқалуда. Сондықтан бұл мәселелердің шешілгені, олардың дамуға ықпал ететіндей ақылмен шешілгені жөн", - деп атап көрсетті Б. Мұхамеджанов.