ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхаметов пен РФ атом энергиясы Федералды агенттігінің бас директоры Сергей Кириенко екі ел президенттеріне бағытталған "Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кешенді бағдарламасы туралы" атты баяндамаға қол қойды.
Кириенко: "бұл бағдарламаның жүзеге асуы РҚ мен РФ арасындағы қатынастарды жаңа белестерге шығармақшы". "Ресей мен Қазақстанның атом энергиясы саласындағы ынтымақтастығы бұған дейін болмаған жылдамдықпен даму үстінде",-деді Кириенко. "Биыл біз ортақ үш кәсіпорын құрдық. Олардың әрқайсысының айналымы бірнеше миллиард долларға жетпекші. Біз әрқашан бір-бірімізге демеу болып отырамыз. Атом кешендерінің арасында байланыс орнату Ресей мен Қазақстанның қарқынды дамуына әсер етуі анық",-деді агенттік басшысы.
Сонымен қатар, бүгін "Қазатомпром"ҰК" АҚ президенті Мұхтар Жәкішев пен "Техснабэкспорт"ААҚ бас директоры Владимир Смирнов " "Услуга" сауда теңіз айлағы ауданында уақытша сақтау орнының құрылысы мен қолданысқа беруі жөнінде бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім жөніндегі" меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, М.Жәкішев пен В. Смирнов және Еуразия банкі басқарма төрағасы Игорь Виногенов өзара ынтымақтастық жөнінде келісім жасасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті