Қазақстан мен Ресей білікті мамандарға аса мұқтаж - сарапшылар

"Біз қаржы немесе ресурстардың емес, білікті мамандардың жетіспеушілігінің зардабын көбірек тартып отырмыз. Бұл Ресей үшін де, Қазақстан үшін де өзекті мәселе", - деп ескертті ТМД елдері институтының директорының орынбасары Владимир Жарихин. Оның пайымдауынша, проблема санда емес, сапада болып отыр. "Халыққа білім беру сапасына көңіл бөлу керек", - деп атап көрсетті В. Жарихин.