Қазақстан мен Ресей бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды

Атап айтқанда, екі ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтері жаһандық навигациялық спутниктік жүйені (ГЛОНАСС) пайдалану және дамыту саласында ынтымақтасу жөніндегі келісімге, сондай-ақ, бейбіт мақсаттарда ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласында ынтымақтасу жөніндегі келісімге қол қойды. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ мен "Ресей нанотехнология корпорациясы" өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ, ұзақ мерзімдік несиелік желі ұсыну ниеті жөніндегі келісімге "Қазақстан даму банкі" АҚ мен "РФ даму және сыртқы экономикалық қызмет банкі" мемлекеттік корпорациясы қол қойды.

Сонымен қатар, РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен ҚР сыртқы істер министрі РФ үкіметінің Мәскеудегі Чистопрудный бульварындағы ғимаратты ҚР меншігіне беру туралы келісімге қол қойды.