Қазақстан мен Ресей бұдан әрі де сыртқы саясат саласында өзара іс-қимылдарды тереңдете беретін болады

"Қазақстан мен Ресей нагізгі халықаралық проблемалар бойынша сәйкес немесе жақын ұстанымдарды ұстайды және сыртқы саясат саласында өзара іс-қимылдарды екіжақты негізде де, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, сондай-ақ, басқа да халықаралық ұйымдар мен форумдар аясында да тереңдете беретін болады", - деп көрсетілген құжатта.

Екі елдің басшылары қол жеткізілген келісімдер екі мемлекеттің халқына сенімді түрде қызмет ететіндігіне сенім білдірді.