Министрдің айтуынша, "жүк тасымалының ережелері, теміржол паром өткелдерін бірлесіп пайдалану жөніндегі бірлескен кеңес туралы ережелер, халықаралық тікелей теміржол паром қатынасы барысында жүк вагондары мен контейнерлерін пайдалану, жоспарлы тіркеу және есеп айырысу ережелері"туралы құжаттарға да қол қойылды.
Бұл қазан айының бас кезінде Оралда қол қойылған заңдық құжаттардың заңды жалғасы,-дейді Ахметов.
Ал Ресей көлік министрі Левитин: " Ақтау теңіз айлағының мүмкіншіліктері зор. Біз инфрақұрылымдарымызды Ақтау порты арқылы тасымалданатын жүктер үшін тиімді болатындай етіп ұймдастыруымыз қажет,-деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті