Қазақстан мен Ресей президенттері аппараттарының басшылары 2007 - 2008 жылдарға арналған біріккен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады

"Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің 2007-2008 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды",- деп айтылған баспасөз қызметінің бейсенбіде таратқан хабарламасында.

Мемлекет басшылары Әкімшіліктерінің жетекшілері атап өткендей, "Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары достық, сенім, тату көршілестік және сататегиялық әріптестік жағдайында дамуда". "Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің және екі мемлекеттің үкімет басшылары, министрліктер мен ведомства басшыларының тұрақты кездесулері барлық мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік беруде",- деп атап көрсетілген хабарламады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті