Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сұхбаттасты

Сұхбат барысында мемлекет басшысы Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың тәжірибелік жақтарына қатысты пікір алмасты. Атап айтсақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев пен В.Путин екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.