Қазақстан мен Ресей президенттері ТМД аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

"Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы әңгімелесті. Мемлекет басшылары жақындағы Мәскеудегі кездесу барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ, ТМД аясындағы өзара интеграциялық іс-қимыл тақырыбын талқыға салды", - деп көрсетілген сайтта жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ, "Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев келе жатқан Жаңа 2008 жылдың алдында игі тілектермен алмасты".

Сонымен бірге, Владимир Путин Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен де телефон арқылы байланысқа шыққан.

"Мемлекет басшылары бір-бірлерін және Ресей мен Қырғызстан халықтарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Владимир Путин, сондай-ақ, Құрманбек Бакиевті ТМД төрағасы қызметінде табыстар тіледі", - деп көрсетілген хабарламада.