Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында екі ел президенті бірлескен мәлімдеме қабылдайды. Сонымен бірге РФ ақпараттық технологиялар және байланыс министрлігі мен Қазақстанның ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Бүкіләлемдік нөмірлеу жүйесінің жетінші зонасының нөмірлерін пайдалану туралы келісімге қол қояды.

2005-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 9,5 млрд. доллардан асты. Қазақстанның жалпы тауар айналымы көлемінде Ресейдің үлес салмағы 25 проценттен жоғары. Қазір Қазақстанда екі елдің 1500-ден астам бірлескен кәсіпорындары тіркелген.