Агенттік тілшісіне СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров хабарлағандай, саммитті Қостанайдан Ақтөбеге көшіру туралы шешім таза техникалық себептерден туындаған. Қостанай қаласының әуежайы стандартты емес.
Қостанай әуежайынан түсіндіргендей, Ресей президентінің ұшағы жерге қауіпсіз қонуы үшін ұшу-қону жолағының ұзындығы, кейбір есептеулер бойынша, 3 шақырымнан кем болмауы керек екен. Ал Қостанайда ол 500 метрге қысқа болып шыққан.
Саммит қонақтары үшін әрқайсысы 220 мың теңгені құрайтын сыйлық шапандары тігілген. Олар Қостанай қаласының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының таңбаларымен әшекейленген. "Енді олардың тағдыры белгісіз", - деп хабарлады үлгіші Елена Шевченко.