В.Школьниктің айтуына қарағанда, келіссөздер "өте күрделі" өтіп жатыр. Зауыт құрылысы ақталу үшін Ресей мен Қазақстан шекарасында бір текше метр газдың бағасы 49-54 доллар болатындай жағдай жасау керек.
"Ресей өзінің Батыс Еуропа мен Украинадағы пайдалы рыноктарымен бөлісуі тиіс, бұған жауап ретінде Қазақстан да әжетке жарайтын болады. Келіссөздердің күрделі өтуі осындай себептерге байланысты",- деді В.Школьник.
Оның пайымдауынша, Ресей үкіметімен арадағы келіссөздердің келешегінен үміт күтуге болады, неге десеңіз, 2010-жылдан кейін Еуропа рыногі "тепе-теңдіктен айрылады". Еуропа мен Ресейде газға деген сұраныс арта түскендіктен, "Қазақстан газына деген сұраныс та өседі". "Қазіргі мақсат - Ресей газ құбырлары жүйесіне шығуға және онымен газ тасымалдауға әділетті баға белгілеуге қол жеткізу болмақ",- деді энергетика министрі.
Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу құны 1,2 млрд. долларды құрайды. Ол 7-8 жылда ақталуы тиіс.