Қазақстан мен Ресей шекарасында 19 килограмм героин тәріздес зат тәркіленді

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қостанай облысының "Ақбөлшек-авто" шекара бақылау бөлімінің шекарашылары жеке меншік көлігімен Ресейге бет алған Қазақстан азаматын ұстаған.

"Қызметтік итті пайдаланып, көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 19 кг ақ-сары түсті зат (болжам бойынша героин) оралған 36 полиэтилен дорба табылды",- деп хабарлады баспасөз қызметі. Қостанай облысының кедендік бақылау департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері аталмыш затқа сараптама жүргізуде.