Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ресейдің екі азаматы Қостанай облысының "Мағнай" күзеті аумағында құрықталған. Олар Қазақстанға екі "УАЗ" көлігімен 216 литр арақ алып өтпек болған.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында "Шығанақ" күзетінің аумағында екі Қазақстан азаматы ұсталған. Олар екі арбамен Ресейге 500 литр арақ алып өтпек болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті