Қазақстан мен Ресей шекарасында төрт қырғыз азаматы есірткімен қолға түсті

ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, олар өткен демалыста Қостанай облысындағы «Қайрақ» бекетінде құрықталған. Тексеру барысында көліктен мұқият жасырылған 34 келіге жуық есірткі табылды.

«Шекарашылар артқы орындықтың астындағы еденнің бетіне жаңадан жағылған сылақ пен бояудан күмәнданған. Есірткіні табуға иісшіл иттер көмектесті», - делінген хабарламада.

Аталған факті тексеріліп жатыр.