"Өздеріңізге белгілі, ТМД аясында біз бір жылды бір тақырыпқа арнау формуласымен жұмыс істеуге келіскенбіз. Біз 2009 жылы энергетика саласындағы ықпалдастық тақырыбы таңдалсын деп ұсынып отырмыз", - деді Н. Назарбаев.
Өз кезегінде РФ президенті Д. Медведев "ТМД елдерімен ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аудару қажеттігін" атап өтті. "Егер біз болашақта өзара ықпалдастықтың жаңаша деңгейіне көтерілуге ниетіміз болса, онда өзіміз қабылдаған шешімдердің кейінгі ысырылмай, дер кезінде орындалуына, тікелей әсер беретін құжатқа айналуына қол жеткізуге тиіспіз", - деді РФ мемлекет басшысы.