Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары негізгі азық-түлік өнімдері бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу жөнінде бірлескен әрекет жасауға келісті

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы пікір алмасты.

Қазақстан мен Ресейдегі ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талқылай келе, екі елдің үкімет басшылары негізгі тағам өнімдеріне бағаны тұрақтандыру және оның одан әрі өсуіне жол бермеу жөнінде бірлескен әрекет жасау және жоспар әзірлеу туралы келісті.

К. Мәсімов пен В. Зубков ағымдағы жылғы қарашаның басында Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің үкімет басшыларының отырысы аясында екіжақты кездесу өткізуге уағдаласты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті