Қазақстан мен Ресей үкімет басшылары телефон арқылы сөйлесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ресей үкімет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар алдағы күндері Астанада өтетін екі жақты Қазақстан -Ресей жоғарғы деңгейлі кездесуіне және Шанхай ынтымақтастығы ұйымының үкімет басшыларының кездесуіне дайындық барысын талқылады.