Құжатқа Қазақстан жағынан энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ал Ресей жағынан Атом энергиясы жөніндегі федералдық агенттіктің төрағасы Сергей Кириенко қол қойды.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасында сауда өкілдігі бөлімін ашу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов пен Ресей Федерациясының сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары Виталий Савельев қол қойды.