Қазақстан мен Ресей жылдың аяғына дейін Біртұтас экономикалық кеңістік аясында кедендік одақ құруға бағытталған 39 келісімге қол қояды - Қазақстан президенті

Мемлекет басшысының хабарлауынша, сондай-ақ, келесі жылдың наурыз айында тағы 30 құжатқа қол қою көзделуде. "Осы 70 заңды қабылдағаннан кейін біз басқаларды да бірігуге шақырамыз",- деді Н.Назарбаев.

"Бұл - нағыз интеграция. Егер біз төрт ел бірігіп, біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру арқылы басқаларына үлгі көрсете алсақ, онда бұл барлық елдер үшін пайдалы болмақ",- деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті