Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтерінің етене жақын ықпалдасуы үшін конституцияны өзгерту қажет - Мыльников

"Бөтен мемлекеттің аумағына арнаулы қызметтерді кіргізу үшін тиісті құқықтық база қалыптастыру қажет",- дейді Б.Мыльников. Оның айтуынша, "қазіргі жағдаймен арнаулы қызметтер арасындағы ықпалдастық мәселесінде ақтаңдақ тұстар көп".

Антитеррорлық орталықтың төрағасының айтуынша, арнаулы қызметтің көршілес мемлекеттің аумағындағы іс-әрекетіне рұқсат беретін Ресей және Қазақстан парламенттері бекіткен арнаулы хаттаманың болғанына қарамастан, "конституция нормаларына қатысты проблемалар бар".