Қазақстан мен Ресейдің авиациялық билігі екі елдің астаналары арасындағы ұшулар санын арттыруға келісті

Келіссөздер нәтижесінде Мәскеу - Алматы бағыты бойынша ұшу жиілігі әр жақ үшін аптасына 14 рейске дейін, Мәскеу - Астана бағдарғысы аптасына 6 рейске дейін, ал 2008 жылғы 30 наурыздан бастап аптасына 7 рейске дейін ұлғаятын болады. Бұдан тыс, бір авиажеліні пайдаланатын авиакомпаниялар жалпы тиелу салмағы 75 пайызға жетсе екі жақтың әрқайсысына осы авиажелідегі жиілік саны бір жиілікке ұлғаяды. Бір жиіліктен асқанда бекітілген авиакәсіпорындар арасындағы келісімге қарай жүргізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша екі жақтың авиакәсіпорындары белгілеген тұрақты рейстерді орындауға рұқсат ететін шектеулер санының азайтылу шараларының тиімділігі атап өтілді және екі ел арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамытуға барынша септесуге әзір екендігін айғақтады. Сонымен бірге тұрақты жолаушы және жүк авиатасымалын пайдалану мәселелерін жеке қарастыру жөнінде келісімге келді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің авиациялық әкімшіліктері келісімдегі авиажелілерді пайдалануда бекітілген бір авиакәсіпорынның орнына басқасымен алмастыру жөнінде келісімге келді. Бұл ИАТА-ға өтінім маусымының (6 ай) бойында келісімді авиажеліде алдында бекітілген авиакәсіпорын ұшуды орындамаған жағдайда мүмкін болады.

ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің өкілдері қазақстандық авиатасымалдаушылардың ішкі ұшуларды орындау барысында Ресей Федерациясының аумағындағы қосалқы әуежайларды пайдалану мүмкіндігі жөнінде мәселе көтерді. Ресей жағы бұл мәселені қарастыруға қабылдады.

Сонымен бірге Қазақстанның авиациялық билігі Қазақстан, Ресей және Қытай арасындағы азаматтық авиация саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша үшжақты консультацияларға бастамашы болуға ұсыныс енгізді. Ресей жағы бұл ұсынысты қолдады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті