«Қазақстан мен Ресейдің көмірсутегі саласында бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндігі мол. Мұны бүгінгі көрмеде біздің мамандарымыз дәлелдеп берді. Бұл – терең және айрықша тереңдете бұрғылауда алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану», - деді Н.Назарбаев сейсенбі күні Атырауда өтіп жатқан қазақ-ресей форумында.
«Бұл бір бөлігі Қазақстанда, бір бөлігі Ресей жерінде орналасқан Каспий ойпаты үшін өте маңызды. Қазақстандық компаниялар ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып, өздері шығарған жоғары технологияларды осы салаға ұсына алар еді. Бұған қажеттінің бәрі бар», - деді ол.