Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы 2009 жылы демаркациялана бастайды - Өзбеков

"Ресей Федерациясымен арадағы мемлекеттік шекара 2009 жылы демаркациялана бастайды", -деп мәлімдеді Ө. Өзбеков.

"Біздың жақ оны бастауға дайын болатын, бірақ, Ресей жағының өтінішімен оны 2009 жылы бастау ұйғарылды", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімге екі ел президенттері 2005 жылдың 18 қаңтарында Мәскеуде қол қойды. Құжат Қазақстан мен Ресей арасындағы құрғақтағы, соның ішінде өзендер мен көлдер арқылы өтетін мемлекеттік шекараны айқындайтын базалық келісім болып саналады. Екі мемлекет те бұл келісімді 2005 жылдың желтоқсан айының басында бекітті.

Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 7591 шақырымға тең.