"Осы жылдың екінші жартысында біз шекаралық ынтымақтастық мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз", - деді А. Бижанов. Оның айтуынша, шекаралық ынтымақтастықта "екі жақты қарым-қатынасты дамытуда оң серпін байқалуда".
Сенатор Қазақстан мен Ресей арасында парламенттік ынтымақтастықтың да кейінгі жылдары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
"Жылдың қорытындысы бойынша экономикалық байланыстар $16 млрд асты, өсім 27% құрады, бұл қарым-қатынасты дамытудағы оңды процестерді паш етеді", деді ол.