Атап айтқанда, төтенше жағдайлар министрлері 1994 жылдың 28-мамырындағы өнеркәсіптік апаттар, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметтері арасындағы келісімді жүзеге асыру бойынша 2008-2009 жылдарға арналған бірлескен шаралар жоспарына қол қойды.
Сондай-ақ, министрлер өнеркәсіптік апаттар, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен коиссияның ережесін бекітті.
"Ресей ТЖМ-нің оң тәжірибесі өзіміздің жүйемізді жасауда және оны дамытуда бізге көмек болмақ", - деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында ҚР төтенше жағдайлар министрі В. Божко.
Ол Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгумен болған кездесу барысында тақырыптық келіссөздер болғанын хабарлады. "Біз өзара қарым-қатынастарымызды әрі қарай дамыта беру қажеттігі туралы ортақ пікірге келдік", - деді В. Божко.
Ол сонымен бірге, Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі дүнижүзіндегі ең алдыңғы қатарлардың бірінен орын алатынын, жекелеген құтқару операциялары бойынша ғана емес азаматтарды, олардың денсаулығы мен мүлкін қорғау бойынша тұтастай мемлекеттік шаралар жүйесін жасау мен жүзеге асырумен байланысты аса бай тәжірибеге ие екендігін атап көрсетті.