Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы қоғамдық деңгейде емес, негізінен үкіметаралық деңгейде өрбуде

Атап айтқанда, ҚР Тұңғыш президентінің қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов бұл үрдіс шенеуніктер байланысының көптігімен және екі елдің қоғамының байланысының аздығымен дәлелденіп отырғанын айтты. "Біз шенеуніктер арасындағы байланыстардың көптігін көріп отырмыз. Алайда, үкіметтік емес ұйымдар деңгейіндегі өзара қатынастар мен қарапайым сапар алмасулар немесе қандай да бір мәдени шараларды ұйымдастыру, өкінішке орай, жоқ", - деді Б. Мұхамеджанов.