Қазақстан мен РФ сарапшылары Жайық өзені проблемаларын шешу жолдарын белгілеуде

Шараға Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының су мамандары мен олардың Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы әріптестері қатысуда.

«Соңғы 20 жылда Жайық өзеніндегі су көлемі екі есе дерлік азайды: жылына 10-нан 5 текше шақырымға дейін. Нәтижесінде трансшекаралық өзен кеме жүзу және балық шаруашылығы жөніндегі маңызын жоғалтты деуге болады. Бүгінде Жайық өзенінде төрт проблема бар. Бұлар - табиғи факторларға байланысты су көлемінің төмендеуі, РФ мен Қазақстанның жағалаудағы халқының шаруашылық қызметі салдарынан судың азаюы. Үшіншіlен, - тоғандар мен суаттардың құрғап кетуі. Тағы бірі - өнеркәсіп кәсіпорындарының ластауынан су сапасының нашарлауы», деп Орынбор облысы бойынша Төменгі Волга бассейндік басқармасының су қорлары бөлімі бастығының орынбасары  Сергей Юзепчук  басты мәселелерді атады.

 «Жайықты қазақстандық та, ресейлік кәсіпорындар да ластауда. Суда темір, хром және басқа да қосындылар ұлғайды. Мәселен, Ақтөбе облысында химиялық кәсіпорындар, хром қосындылары зауыты, коммуналдық кәсіпорындар суды ластап келеді. Егер Атырауда суды далаға буландыруға жұмсаса, Ақтөбе оны тазартып, Елек өзеніне жіберуде. Қалай тазаласаң да, зиянды заттар бәрібір қала береді. Бұл проблеманы бірлесіп қана шешуге болады. Бұл үшін біз өзен бойында ондаған бекет орнаттық және аптасына екі рет мәліметтер алмасудамыз», - дейді Жайық-Каспий су қорларын реттеу және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекцияның жетекшісі Бисен Қуанов.

Комиссия отырысында бірнеше ұсыныстар айтылды. Ең алдымен, мамандар Орынбор облысындағы Ириклин су қоймасынан су жіберуді реттеу мәселесін шешу қажеттігін атап өтеді. Орынбордан Атырауға дейін өзен бойымен орман алқабын отырғызуға кірісу қажет.