Қазақстан мен Шри-Ланка парламентаралық байланысты дамытуға мүдделі

Кездесу барысында Қ.Мәми Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанына 20 жыл толған жылы кезінде өтіп жатқан сапардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Сенат Төрағасы Қазақстан Парламентінің мемлекеттік билік жүйесіндегі, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы рөлі мен орны туралы хабардар етті.

Жүздесу барысында тараптар Қазақстан мен Шри-Ланка арасындағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелері туралы пікір алмасып, екі ел парламенттерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру жайына тоқталды. Атап айтқанда, екі елдің жоғарғы заң шығару органдарында ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топтарды құру, сондай-ақ парламентшілердің сапар алмасуы мәселелерін пысықтауға уағдаласты.