«Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-саттық көлемі 55 млн. долларлық деңгейге көтерілді. Бұл ретте екі елдің экспорт пен импорт көлемі деңгейлес келетіндігін атап өткен орынды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, екі ел арасында өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумға қол қойылған. Аталған құжаттар Қазақстан мен Сингапур кәсіпкерлерінің қосарланған салықтан арылуына мүмкіндік береді. Бұл жайт бизнестің дамуына зор серпін қосып отыр.
«Сингапур Қазақстанмен нақты салаларда, атап айтқанда, энергетика, логистика, көлік, қоршаған орта, қала жоспарлау және дизнайн салаларында ынтымақтастықты одан ары жандандыра түсу қажет деп санайды», - деді А.Тио.