Caravan Logo

Қазақстан мен Сирия арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы Дамаскіде өтті

Қазақстан мен Сирия арасындағы саяси консультациялардың бірінші отырысы Дамаскіде өтті

Консултацияның күн тәртібінде екі ел арасындағы саяси әріптестік жолдарын дамытумен қатар, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара байланыстарды жандандыру мәселелері қамтылады.

Елдер арасындағы саяси консултациялар өткізу уағдаластығы 2007 жылғы қарашада ҚР президенті Н.Назарбаевтың Дамаскіге жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізіліп, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономика және мәдениет салаларындағы ортақ мүдделердің қалыптасуының маңызды қадамына айналды.