"Біздің елімізге сауда-экономикалық қатынастарды қарқындандыру қажет",- деді Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовпен кездесу барысында Таиландтың сауда министрі Крирк-Край Джирапат. "Осыған байланысты біз тұрақты негізде жұмыс істейтін қазақстан-таиланд кеңесін құруды ұсынамыз",- деп қосты ол.
Жалпы екі жақ, екіжақты тауар айналымы екі елдің әлеуетіне сәйкес еместігін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастығын пәрмендендіру ниеттерін айтты. "Екі ел арасындағы тауар айналымы қазіргі уақытта 70 млн АҚШ долларын құрайды, бұл біздің мүмкіндіктерімізге мүлдем сәйкес емес",- деп атап көрсетті Ғ. Оразбақов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті