Қазақстан мен Татарстан үкіметтері Батыс Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай автомагистралін салу мүмкіндіктерін қарастыруда

"Біз Батыс Еуропадан Ресей мен Қазақстан аумағы арқылы Қытайдың батыс жағалауына дейін ең қысқа жол салудың бірегей мүмкіндігін анықтадық",- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, жол Еуропа - Санкт-Петербург - Москва - Қазан - Оренбург - Қызылорда - Ташкент - Қорғас бағытында өтеді. "Бұдан төте жол жоқ, сол себепті ол жоғары деңгейде бәсекелестік қабілетке ие болмақ",- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың айтуынша, екі елдің үкімет басшылары даму институттары - "Қазына" мен "Ақ барысқа" аталмыш автомагистральді салу мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті