"Қазақстанда тіркеуге алынатын Қазақстан-тәжік қоры қызметінің мақсаты Қазақстан экономикасымен байланысты Тәжікстан Республикасының аумағындағы, сонымен қатар, тараптардың өзара келісімі бойынша Тәжікстан аумағынан тыс жерлердегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.
Аталмыш қордың инвестиция салуына жататын басым бағыттар қаржы секторы, телекоммуникация, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, электр энергетикасы, түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі салаларындағы жобалар.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Қазына" ТДҚ" АҚ еншілес компаниясы "Kazyna Capital Management" АҚ Қазақстан жағынан, ал Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік инвестиция және мемлекеттік мүлікті басқару комитеті тәжік жағынан қордың құрылтайшысы болады.
"Бірінші сатыда жарғылық капиталдың көлемі 4 800 000 000 теңгені құрайды. Егер үш жылдың ішінде 3 840 000 000 теңге сомасына инвестициялық жобаларды қаржыландыру міндеттемесі алынса (бірінші сатыдағы жарғылық капитал көлемінің 80%), тараптар жарғылық капиталды 12 000 000 000 теңгеге дейін жеткізу үшін Қорды қосымша қаржыландыру мәселесін қарастырады", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.