"Біз бүгін Қазақстан - Тәжікстан инвестициялық қорының тезірек жүзеге асуы жөнінде келістік. Оның қаражаты Тәжікстан аумағындағы жобаларды инвестициялауға жұмсалады", - деді Қазақстан Республикасының президенті келіссөздерден кейін болған баспасөз мәслихатында.
Қордың жұмысы негізінен электр қуаты, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және басқа да салаларға бағытталады деп жоспарланып отыр.