Қазақстан мен Түркия арасындағы рейс саны қысқарады

Эпидемиологиялық жағдайдың деңгейі мен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ведомствоаралық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін рейс саны аптасына 20-дан 10-ға дейін қысқарды, делінген хабарламада.

Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған жаңа кестеге сәйкес орындалады.

Қазақстандық және түрік авиакомпанияларының рейстер кестесіндегі өзгерістерді авиакомпанияның ақпараттық қызметтерінде немесе билеттерді сатып алу орындарында нақтылауға болады.


Сонымен қатар, 10 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан мен Ташкент арасында аптасына екі рейс жүреді. Тиісті кесте «Эйр Астана» мен «Uzbekistan Airways» сайттарында пайда болды.